×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматының қауіпсіздігі Назарбаевтардың қолында. Қазақ тілі жындыхана тілі болды ма? Азаттықты жабу

28.01.2024, 19:50

Апта айтарлықтай оқиғаларға толы болды. Ulysmedia.kz. әдеттегідей сараптамалық шолуын назарларыңызға ұсынады.

Алматыда жер сілкінді. Мұндай төтенше жағдайда мемлекет дайын болмай шықты. Сиреналар қосылмай, смс хабарламалар да тым кеш келген. 

Министр Шәріпханов Аматыға іс сапармен келген Тоқаевтан ескерту алып құтылды, қызметінен кеткен жоқ. 

Ал жер сілкінісі кезінде ескерту жүйесін орнататын компанияның бенефициары Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиевтің өзі болып шықты. Осылардың жемегені қалды ма дейсің. Нонсенс әйтеуір. 

Павлодарда «тіл жанашыры» Руза Бейсенбайтегі жындыханаға қамалып, желіні жарды. Бұл жәйт елімізде тіл тағдырына  алаңдаулы талай қазақтың намысына оятты. 

Аида Балаеваның министрлігі Голливуд фильмдерін қазақшаға аудару үшін бюджеттен 443 млн теңге бөліп жатыр. 

Әлін білмеген әлек. Депутаттық мандат ойыншық емес. “Республика” партиясының өкілі  Динара Шүкіжанова небәрі бір жыл толмай мәжілістен кетті. 

“Азаттық радиосына” аккредитация берілмей отыр. Журналистердің еркін жұмыс жасауына кедергі келтіріп отырған кімдер?

Бетпақ дала тағы қызыл қанға оралды. Киелі киіктерді ату үрдісі әлі жалғасуда. Тіпті буаз киіктер де оқ астында қалуда. 

Ал қазақты «қолдан жасалған ұлт» деген тарихшы Михаил Смолиннің сөзіне кім не деп жауап береді? Теріскейден көрші елдерге қарсы қисынсыз мәлімдемелердің үдей түсуіне наурыз айында өтетін Президент сайлауы алдында жасалып отырған құтырқы технология  болуы мүмкін деген болжам бар.

Шолудың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріп, бөлісе отырыңыздар.