Ulysmedia оқырман назарына су тасқынымен күрескен Солтүстік Қазақстан өңірінен арнайы репортажды ұсынады.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынымен күрес белсенді түрде жалғасып жатыр. Сергеевка су қоймасы арнасынан асып, Есілдің бойындағы ауылдар су астында қалыды. Халық эвакуацияланып, жатақханаларға көшірілуде.
Ал жұма күні насосты электр қуатымен қуаттайтын бағанды ағып келген мұз құлатып кеткен. Соның салдарынан Петропавл тұрғындары күні бойы сусыз қалды. Әлбетте, бұл өңірдегі жағдай Атырау облысымен салыстырғанда тұрақты. Дегенмен, қарттардың уайымы мен үрейі көп.
Атырау өңірінен кейіү ат басын тіреген өңіріміз - Солтүстік Қазақстан облысы болды. Осы аймақта әзірлеген репортажды көріп, ой қосып, бөлісе отырыңыздар.