×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

“Жылдам баю деген жоқ. Блогерге сенуге болмайды” - Әділ Нұрғожин

13.07.2024, 22:19

Инвесторлардың жоғары технологияық компанияларға қаржы құйып, одан қысқа мерзімді перспективада табыс табуға деген ұмтылысын венчурлық индустрия деп атасақ болады. Сан түрлі стартап, өнертабыс және тың технологиялық серпілістердің пайда болуы, венчурлық нарықтың да көрігін қыздырып жатыр. Венчурлық кәсіпкерлік, венчурлық инвестиция тақырыбы туралы ақпараттың басым бөлігі шет тілдерінде берілгені рас. Қазақтілді аудиторияның сұрауы бойынша бүгінгі сұқбатқа венчурлық инвестиция туралы бүге-шігесіне дейін айтып бере алатын Әділ Нұрғожинді шақырдық.

Спикердің сөзіне қарағанда, қазір қазақ жастарының өресі өскен. Мықты стартап ашып, Америка асып, биік белестерге жетіп жатқан да қазақтың қыз-жігіттері дейді. Әділ Нұрғожин қазақстандық стартаперлердің потенциалы, репутация институты, сенім капиталы, уақыт ресурсы, білім құндылығы, қазақ тілді сыныпта оқудың маңыздылығы, елге қызмет етудің маңыздылығы мен тұлға ретінде даму жолдарын атады.  Оқырман өзіне керегін алады деп сенеміз.