Қазақстанның банк секторында көптеген жаңа өзгерістер күтілуде. Жақын арада екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестік күшейеді деп болжанып отыр, ал қаржы нарығындағы кейбір ережелер түбегейлі қайта қаралмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтар арасында танымал тауарларды бөліп төлеуге беру мәселесінде қандай өзгерістер болатынын, несиелер бойынша мөлшерлемелердің төмендеуіне қатысты болжамдарды, қазақстандық банктер қатарына қосылатын жаңа ойыншыларды, «Банктер туралы» жаңа заңның негізгі нормаларын және алаяқтармен күрес шаралары туралы айтты.
Бұл өзгерістер қазақстандықтардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және банк секторындағы алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қоюға бағытталған. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру, клиенттердің құқықтарын қорғау және нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жаңа механизмдер енгізіледі.
Сұхбаттың толық нұсқасын ULYSMEDIA ютуб арнасынан көре аласыздар.