Ұлыстың алаңында Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Михал Лабенда мырзамен тағы бір үлкен сұқбат жазу мүмкіндігі туды. Әңгіме 9 мамыр - Жеңіс күніне деген көзқарастардың әр елде қалай қалыптасқаны туралы болды.
Польша бұл күнді қалай атап өтеді? Ресей бұл датаны қалай идеологиялық құралға айналдырды? Тарихи жад, Катынь қырғыны, поляк-орыс қатынастары және ірі державалардың өткен қателіктері үшін кешірім сұрау мәдениеті туралы елшінің көзқарасы ашық айтылды.
Сұқбатта сондай-ақ қазіргі Украинадағы соғыстың саяси және гуманитарлық салдары, бұл жағдайдың Қазақстанға ықтимал әсері де сөз болды. Қазақстан батырларына атақ беру, тарихи әділет пен жадыны сақтау туралы да ойлар қозғалды.
Дипломат қазіргі әлемде болып жатқан геосаяси оқиғалар бойынша пікірімен бөлісті. Израиль-Палестина, Үндістан-Пәкістан арасындағы қақтығыстар жөнінде ойын айтты.
Сұқбат таза қазақ тілінде жазылды.
Михал Лабендамен сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көріңіздер.
Дипломатпен өткен жылдың желтоқсан айында жазылған сұқбатты мына сілтемеден көре аласыздар.