Биыл Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға жеті саяси партия қатысып отыр. Алайда кейбір партиялардың сайлау технологиясына басымдық беріп, шоу-бизнес өкілдерін тартуы қоғамда түрлі пікір туғызуда.
Жаңа Құрылтайдан не күтеміз? Ықпалды әрі тиімді Құрылтайды қалай қалыптастыруға болады? Осы және өзге де маңызды сауалдарға заңгер, Колумбия университетінің түлегі Нұрғазы Әнуарбеков жауап береді.
Сұхбат барысында 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияның құқықтық қырлары жан-жақты талқыланды. Конституциялық соттың президенттік мерзімге қатысты түсіндірмесі, оның құқықтық мәні және бұл мәселеге эмоция емес, заң тұрғысынан қараудың маңызы сөз болды.
Сонымен қатар, Қазақстанда неге оппозициялық партиялар жоқ деген сауалға жауап іздеп, елдегі саяси бәсекенің қазіргі жай-күйін талқыладық. Қазақстанның саяси алаңында жаңа есімдер пайда бола ма? Жаңа буын саясаткерлерге мүмкіндік бар ма? Сайлау шынайы саяси бәсекені қалыптастыра ала ма? Осы өзекті мәселелердің барлығы сұхбаттың негізгі тақырыптарының біріне айналды.
Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.