Covid-19: «Қызыл аймақта» қанша өңір қалғаны белгілі болды

Ulysmedia

2021 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары.