Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Мурманск аудандарынан келген циклон жаңбыр мен қар түрінде, 22 қазанда елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда — қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта әрі шығыста боран түрінде көрініс табады. Оған қоса, ауа температурасы түнде 3 суық–2 жылыға дейін, күндіз 2-10 жылы аралығында төмендейді. Ал 22 қазаннан бастап Қазақстанның батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы мен күндіз ауа температурасының 15-22 жылыға дейін көтерілуі күтіледі», - дейді синоптиктер.