2021 жылғы 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қызыл аймаққа» Алматы облысы өтті. Өңір кеше «сары аймақта» болған еді.
«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары аймақта»: Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары.