Майқайыңдағы автобус апаты: Қайтыс болғандардың отбасына 4,5 млн теңге беріледі

Оралхан Қожанов

«Майқайыңалтын» АҚ кен орнында қайтыс болған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден өтемақы төленеді, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар ТЖД

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдер тағайындалатынын хабарлады.

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тастар мен топырақтың сырғуы жүруде. Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті, – деп жазды ол.

Еске салайық, «Майқайыңалтын» кен орнында ішінде төрт адам бар автобус құлап кеткен еді. Екі адамның денесі шығарылғанмен, автобус әлі табылған жоқ.