2021 жылғы 25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұған дейін «қызыл аймақта» болған Алматы қаласы «сары аймаққа» өтті.
«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары аймақта»: Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары.