Ақтауда 15 млн теңгенің пластик гүлдері қирай бастады

Ulysmedia

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде «егілген» пластик қызғалдақтардың бір бөлігі құлап қалғанын, ал инсталляцияның электр сымдары кей жерлерде ашық жатқанын жазып, шағымданып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Lada.kz

Жергілікті тұрғындар пайдаланылған материалдар өте сапасыз деп шағымданып отыр. Кейбір жерлерде пластик қызғалдақтар құлап қалған, дейді Lada.kz.

Конструкциялар мен электр бөлігі монтажының сиқы осындай.

Бұған қоса жасанды көгал қисық орнатылған.

Инсталляцияның электр сымы оқшауланбаған, көгалдың үстінде шашылып жатыр.

Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңында көгалдың орнына пластик «Гүлді алаң» орнатылған болатын. Бұған бюджеттен 15 404 000 теңге бөлінген еді.