Жаңбыр жауып, жел күшейеді – Қазақстандағы ауа райы болжамы

Ulysmedia

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 26-28 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде төменгі бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанады. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, елдің батысында болса, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылу, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді. Ал облыстың батысында 3-8 аязға дейін, күндіз 0-5 аралығында. Оңтүстікке келсек, 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2...7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында. Қазақстанның орталығында түнде -3...+5-тен -7...+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3...+5-дан -1...+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады. Елдің оңтүстігінде -1...+7-ден -3...+5 дейін сәл төмендеу орын алады, күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін жылу. Республиканың оңтүстік-шығысында -1...+7-ден -3...+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылы болады», - дейді синоптиктер.