Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймаққа» өтті

Ulysmedia

2021 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұған дейін ұзақ уақыт бойы «қызыл аймақта» болған елорда «сары аймаққа» өтті.

«Қызыл аймақта»: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары.