×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Майқайыңда апатқа ұшыраған автобус қаншалықты тереңде жатыр – ТЖМ жауабы

20.02.2024, 11:14
Фото: Ашық дереккөзден

Қазір техниканың жұмысы үшін учаскені кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

ТЖМ өкілі Мұса Танабаевтан үкімет кулуарында журналистер "Майқайыңалтын" команиясы кенішінде не болып жатқанын сұрады. Журналистер іздестіру жұмыстары өте ұзақ уақыт бойы жүргізіліп жатқанын атап өтіп, осындай жұмыстарда тәжірибесі бар мемлекеттерден көмек сұрауды жоспарлап отыр ма деп сұрады.

ТЖМ жауабы

– Қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Экскаваторлар топырақтың түбін өңдейді, жынысты самосвалдарға тиеп шығарады. Мұнда қандай тәжірибе бар? Жұмыс өте қарапайым.

Техника шұңқырға жетуі үшін түсу керек. Ал шұңқыр қазір кеңейіп, бұрыш азайып барады. Содан кейін экскаватордың жұмыс істеуі үшін учаске кеңейтіледі. Жұмыс осымен шектеледі. Бүгінгі таңда топырақ шығаруды ұлғайтып, жеделдету үшін шұңқыр кеңейіп келеді, - деді ол.

Ары қарай не болады?

– Алаңды кеңейте отырып, тағы 7 метрге тереңдей түсуге мүмкіндік болады. Сканердің алғашқы мәліметтері бойынша автобус тағы жеті метр тереңдікте орналасқан. Төменде одан да тереңірек - 150-200 метрге дейін. Мүмкін автобус одан да тереңірек кеткен шығар, - деді Танабаев.

Комиссия және кінәлілер

Ол сондай-ақ комиссия осы оқиға бойынша жұмысты аяқтағанын еске салды.

– Комиссия жұмысты аяқтады. Кінәлі емес, жауаптылар аталды. Шахтаның директоры және бас инженері, шахта бастығы, "Майқайыңзолото" АҚ бірінші басшысы және оның орынбасарлары", - деді ол.

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.

4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жасалды. Жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкелінді. 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жеке заттар, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары табылып, жер бетіне шығарылған. Екі адам сол күйі табылмады.

Ал Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Ulysmedia.kz порталының тілшісімен әңгіме барысында табылмай жатқан азаматтардың туыстары қазу, іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығын сынға алған еді.

Серіктес жаңалықтары