×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Павлодарда екі әлеуметтік нысан мен бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

22.02.2024, 13:04
Фото: pavon.kz

Павлодарда жылу желілерінің зақымдануы салдарынан тұрғындар жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz әкімдікке сілтеме жасап.

Не болды

Зақым Торайғыров, 52 мекен жайындағы блокішілік желілерде болған.

Салдарынан алты тұрғын үй мен екі әлеуметтік нысан жылудан ажыратылды.

Оқиға орнына қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясының өкілдері шықты. Қазіргі уақытта «Павлодар жылу желілері» ЖШС бригадалары зардаптарды жоюда. Оқиға орнында 15 адам мен төрт арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Зақымдануды жөндеудің болжамды уақыты 19:00-ге дейін, - делінген хабарламада.

Коммуналдық апаттар

2022 жылдың 20 наурызында Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш мұржаның бірінің бөлігі опырылып, қазандық цехының жабдығының операторы үйінді астында қаза тапты. Апат салдарынан солтүстікқазақстандықтардың біразы жарық пен жылусыз қалды.

2023 жылдың жазында олигарх Клебанов басқаратын Петропавлдың 2-ЖЭО-да жаңа құбырдың осі ауытқып кетті.

Өткен қарашада Солтүстік Қазақстандағы 150 ауылдың тұрғындары бірнеше күн жарықсыз қалды. Солтүстік Қазақстан облысының сегіз ауданы мен Петропавл қаласына қызмет көрсететін «Севказэнерго» АҚ желілерінің тозуы 95-96 пайызды құрайды.

2024 жылдың қаңтарында Петропавлда ондаған үй жылусыз қалды.

Жақында қазандықтың апатты сөніп қалуынан Абай облысының ауыл тұрғындары жылусыз қалды.

Серіктес жаңалықтары