Жетісу облысында құқық қорғау органдары кәсіпкерлерді қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан топтың іс-әрекетін жедел түрде жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы өңірлік прокуратураның ресми сайты мәлімдеді.
Қадағалаушы органның ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, екі адам алдын ала сөз байласу арқылы мүлікті өртейміз деп қорқытып, жәбірленушіден жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді
Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді қорқытып алу фактілері орын алған жағдайда құқықтарын қорғау үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады, - делінген хабарда.