Алматы облысында сот орындаушы бір жарым жыл бойы балаға тиесілі алиментті иемденіп келген

Ulysmedia

Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент төлемдерін ұрлап келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz

Қадағалау органының хабарлауынша, Алматы облысының тұрғыны бір жарым жыл ішінде баласына алимент ретінде жалпы сомасы 816 мың теңге аударған, бірақ бұл ақша анасының шотына түспеген, себебі оны сот орындаушысы иемденіп алған.

Сонымен қатар сот орындаушысы бұл адамға қатысты шектеу шараларын қолданып, оны жүргізуші куәлігінен айырған. Осының кесірінен алимент төлеуші ​​жұмысынан, табыс көзінен, ал бала оған тиесілі алименттен айырылды.

Облыстық прокуратура жолдаған материалдар бойынша Полиция департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы (жеке сот орындаушысының өкілеттігін асыра пайдалануы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар қабылданған шаралар арқылы борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріліп, бұрынғы жұмысына қайта орналасты, - деп хабарлады прокуратурадан.