Тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті

Ulysmedia

2021 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

коллаж: ulusmeda.kz

Бұған дейін «сары аймақта» болған ШҚО «қызыл аймаққа» өтті.

«Қызыл аймақта»: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары.