Маңғыстау облысында жоғалып кеткен үш бала табылды

Ulysmedia

23 наурызда кешке қарай Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында үш баланың жоғалғаны белгілі болған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 2024 жылы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жоғалған балалар - 2012, 2014, 2018 жылы туғандар.

Іздестіру жұмыстарына өңірлік ТЖД-ның жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24 наурызға қараған түні сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылыс нысанынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.