×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астананың іргесіндегі ауылда су тасыды

05.04.2024, 09:43
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Талапкер ауылында қар бірден еріп, қиындық туғызғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, кеше түнде Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында қардың қарқынды еруі мен еріген сулардың түсуіне байланысты ауыл бойымен өтетін жасанды арна суға толып кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар 30 минуттың ішінде арнаны қалпына келтірген. Ашық учаскелерден және су басқан аула аумақтарынан еріген су техникамен сорылған.

Қазақстандағы су тасқыны

Биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлады.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.

Серіктес жаңалықтары