×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Су тасқыны: Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында төтенше жағдай жарияланды

09.04.2024, 17:22
ТЖМ

Аудан әкімдіктерінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі жергілікті ауқымда жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ашық НҚА" порталында ТЖ режимі туралы қаулылар жарияланған.

Ақмола облысы

Мәселен, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағында жарияланды. ТЖ жою басшысы болып Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды.

Сонымен қатар, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі Есіл ауданының аумағында жарияланды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Есіл ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары