ҰҚК Таразда пара алды деген күдікпен екі полицейді ұстады

Ulysmedia

Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

ҰҚК мәліметінше, олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.