Шығыс Қазақстан облысында лай көшкіні жүрді

Ulysmedia

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Марқакөлде жолға лай көшкіні түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Бүгін таңертең облыстық маңызы бар «Теректі-Ұранхай-Төсқайың» жолының 13 шақырымында, нақты айтқанда «Мраморное» асуы маңында лай көшкіні жүрген. Болған жағдай туралы «ОблШығысЖол» қызметкерлері жедел жеткізді. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды, - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол қозғалысын қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.

Айта кетейік, лай көшкіні жаңбыр мол жауып, қардың еруі салдарынан болған.