Ұлытау облысы әкімдігі 150 млн теңгеге концерт өткізбек болған

Ulysmedia

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Ұлытау облысында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы құны 150 млн теңгеден асатын музыкалық іс-шараны ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлады, - делінген хабарламада.

Еске салайық, осы жылдың 17 сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге еліміздің бірқатар өңіріндегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты имидждік және ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырды.

Осыған байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүргізу жойылды.