«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысында 1200-ге жуық жоба жүзеге асырылмақ

Сырым Қаржас

«Ауыл аманаты» жобасы аясында Жамбыл облысында 1200-ге жуық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұл жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 10,5 миллиард теңге бөлінеді деп күтілуде", деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ай аймақ басшысы «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелер жеке кәсіпкерге 9,2 миллион теңгеге дейін, кооперативтерге 29,5 миллион теңгеге дейін 5 жылға жеңілдетілген жылдық 2,5 пайызбен жылға берілетінін айтып өтті.

– Биылдан бастап біз шағын орта кәсіпкерлікті дамытуды қаржыландыруға көңіл бөлудеміз. Атап айтқанда, құрылыс, кондитерлік, тігін цехтарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін шағын цехтарды ашуға қолдау көрсету жоспарлануда», – деді Ербол Қарашөкеев.

 Өз кезегінде өңір басшысы осы жылдың мамыр айында да ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге бөлінгенін айтты. Бүгінгі  таңда ол қаржыға 89 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.

Аймақ басшысының айтуынша, 2023 жылы Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға 25,5 миллиард теңге бөлініп, 4076 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде 152,2 мың бас мал мен 65 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру қарастырылған. Жоба 51 ауылдық округке енгізіледі.

 «Ауыл аманаты» жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл бағдарлама жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдауға және ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Оның көмегімен ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылды», - деді Ербол Қарашөкеев.