Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен

Сырым Қаржас
pixabay.com

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, кейін өзі секіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Павлодарда әйел 1,5 және 5 жастағы екі баласын көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткені белгілі болды.

“За нами выехали” телеграм арнасының мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасына жантүршігерлік оқиға туралы жедел жәрдемге куәгер хабарлаған. Шақырту аса шұғыл санатпен тіркеліп, оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Олар алты минут ішінде жеткен.

Ауыр халдегі екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел де ауыр жарақат алып, қалалық №1 ауруханаға жатқызылды.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкеневаның айтуынша, оқиға болған сәтте пәтерде зардап шеккендерден басқа ешкім болмаған.