Абай облысында жоқ 40 метрлік ағаштарды кесуге арналған 150 млн теңгелік конкурс тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Осылайша Семейде қураған ағаштарды кесу және жасыл желектерге күтім жасау бойынша мемлекеттік конкурс өткізу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау әрекетінің алдын алып, 150 млн теңгені үнемделді.
ТЕКСЕРІС
Тексеру барысында конкурс құжаттамасында әлеуетті қатысушыларға қойылған негізсіз және шектен тыс талаптар анықталды. Атап айтқанда, биіктігі 40 метрге дейінгі ағаштарды кесуге арналған қымбат жабдықтың болуы талап етілген. Мұндай талап артық болып саналады, себебі Семей қаласында мұндай биік ағаштар өспейді және бұл Қазақстанның климаттық жағдайына тән емес.
Сонымен қатар, конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөліктер арасында сәйкессіздіктер болған, бұл мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану қаупін арттырған.
Қазіргі уақытта конкурс жойылып, құжаттама заңнамаға сәйкестендірілді.