Балқашта жетімдерге арналған тұрғын үйге түгендеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕКСЕРІС
Тексеру барысында мемлекеттік тұрғын үйлерді заңсыз пайдалану деректері анықталды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедектерге және көпбалалы отбасыларға тиесілі пәтерлерде келісімшартсыз тұру фактілері орын алған. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы жалға беріліп келген және бос тұрған пәтерлер де анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура қала әкімінің атына ұсыну енгізді. Аталған бұзушылықтардың орын алу себебі – жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі және тиісті бақылаудың болмауы.
ҮЙЛЕР ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА БЕРІЛДІ
Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді. Балқаш қаласының әлеуметтік осал санатындағы екі тұрғыны — жетім бала және жалғызбасты ана — заңды тұрғын үйге ие болды, басқа пәтерлер бойынша құжаттарды ресімдеу жүмыстары жүргізілуде
Бүгінгі күні әкімдік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу жұмыстарын қолға алды.