Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары кәсіпкерге шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сауда және интеграция министрлігіне балалар дүкенінде тауар бағасының рубльмен көрсетілгеніне қатысты шағым түсті. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде шынымен де шетел валютасымен көрсетілген баға жапсырмалары анықталды. Дүкен әкімшілігі мұны заңнаманы білмегендіктен және жұмысшы жетіспеушілігімен түсіндірді.
ТҮСІНДІРМЕ
Заңға сәйкес, тауардың бағасын теңгемен көрсетпей сату – айыппұл салуға негіз болады. Егер мұндай заңбұзушылық қайталанса, санкциялар күшейтіледі. Бұл жағдайда заңды бірнеше рет бұзу дерегі тіркелген.
– Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде заңбұзушылықтың қайталанғаны анықталды. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 193-бабы 5-бөлігіне сәйкес 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұған қоса, заңбұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді, – деп хабарлады ведомство.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша, кәсіпкерге 786 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.