Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін бе?

Сырым Қаржас
pixabay.com

Алматының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісіне қатысты қосымша ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV – 3.8.

Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.

Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ. Дегенмен, 101 және 112 нөмірлеріне қоңыраулар түсіп жатыр. Сейсмологтардың датчиктері тіркеп, Mass Alert автоматты түрде іске қосылған.

- Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз! Алаңдауға еш негіз жоқ. Сейсмологтардың ақпараты бойынша афтершок болмайды, дейді ТЖД басшысының міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетов.