Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Сырым Қаржас
видео кадры

Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан Toyota маркалы көлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты.

– Алдын ала мәлімет бойынша, 23 қыркүйекте «Павлодар–Қызылорда» автожолында, Байет ауылынан 5 шақырым жерде «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кетті, – делінген полиция хабарламасында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 10 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.