Маңғыстау облысында жүздеген итбалық өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өкілдері хабарлады.
СУ СЫНАМАЛАРЫ
Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары 3 қарашада Түпқараған ауданы Баутино теңіз жағалауында итбалық өлекселерінің табылуына байланысты тұрғындар тарапынан келіп түскен хабарлама негізінде Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутино елді мекендерінің теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді.
ӨЛЕКСЕЛЕР
Сондай-ақ, МО балық шаруашылығы басқармасының “Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет” КММ және МО бойынша балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі Түпқараған ауданының жағалау сызығын мониторингтеу барысында 112 бас Каспий итбалығының өлекселері анықталды.
Оның ішінде: