БҚО-да 90 мыңнан аса киікті атып тастады

Сырым Қаржас
Фото: Сәкен Ділдахмет

Батыс Қазақстан облысында 90 мыңнан аса киікті атып тастады. Қырылған киіктердің басым бөлігі – ұрғашылары мен төлі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

3 шілдеден бастап қазақстандық шенеуніктерге киіктерді атуға ресми рұқсат берілді, деп жазады mgorod.kz. Алғашында 1 қыркүйекке дейін тек аталықтарын атуға рұқсат болған, кейіннен аналықтар мен төлдерді де жоюға келісім берілген.

СТАТИСТИКА

Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, өңірде бүгінге дейін 90 мыңнан астам киік атылған. Оның ішінде 42 мыңы аталық, 39 мыңы аналық, ал 9 мыңнан астамы – төлдер.

АУЛАУ ӘДІСІ

Бұған дейін әлеуметтік желілерде киіктерге жасалған қатыгез аңшылықтың видеосы тараған еді. Кадрларда «коральдық әдіс» деп аталатын тәсіл көрсетілген – аңшылар киіктердің жолына торлар орнатып, сол арқылы жануарларды ұстайды. Бұл бейнежазба қоғамда үлкен наразылық туғызды.