Астанада лифт құлап түсті: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

Сырым Қаржас
Видео кадры

Астанада лифт құлап, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Astanovka басылымының мәліметінше, елордада лифт жөндеу кезінде үш техник-жұмысшының үстіне құлап, біреуі қаза тапты, тағы екеуі жараланды.

Оқиға «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың мәліметінше, бір адам оқиға орнында көз жұмған, екеуі жарақат алған.

- Тұрғындар кешен пайдалануға берілген алғашқы күннен бастап жарамсыз лифтілер мәселесі болғанын айтады: адамдар жиі кептеліп қалатын, лифттің құлау жағдайлары да бірнеше рет қайталанған. Оқырмандардың жазуынша, бұл тұрғын үй кешенінің құрылыс компаниясы — ТОО «Елорда құрылыс компаниясы» әкімдікпен бірлесіп салған нысан. Айтуларынша, лифтілердің жарамдылығын тексеретін сараптамадан нысан екі рет өте алмаған, алайда тұрғындардың бірнеше мәрте шағымданғанына қарамастан, ешқандай шара қолданылмаған, делінген материалда. 

Ресми органдар әзірге жауап берген жоқ.