БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Сырым Қаржас
Фото: полиция

16 желтоқсанда сағат 20:30 шамасында Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция мәліметінше, аудандық маңызы бар Орал – Кирсаново автожолының 14-шақырымында, Влодарское ауылынан екі шақырым жерде екі жеңіл көлік соқтығысқан.

— 1989 жылы туған KIA K5 көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, 1974 жылы туған ер адам басқарған ВАЗ-2104 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, ВАЗ-2104 көлігіндегі тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Орал қалалық ауруханасына жеткізілген. Екі автокөлік те арнайы айыптұраққа қойылған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы — «Жол жүрісі қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. KIA K5 жүргізушісі ұсталды, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.