Қарағанды облысында бес күн бойы іздеуде болған зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
КТК мәліметінше, жоғалған малын іздеп шыққан 72 жастағы ауыл тұрғыны иен далада, өз көлігінің ішінде көз жұмған.
Ағадыр кентінің тұрғыны 18 желтоқсанда жол талғамайтын көлігімен мал іздеп далаға кеткен. Алайда оның жоғалып кеткені туралы хабар жақындарына тек екі күн өткен соң белгілі болған.
ІЗДЕУ
Іздеу жұмыстарына екі дрон мен спутниктік байланыс құралдары тартылды. Бүгін күндіз шамамен сағат 11:00-де полиция қызметкерлері зейнеткерге тиесілі автокөлікті анықтады. Көлік Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықта, Ортау ауылы бағытына қарай, таулы аймақтағы дала жолында тұрған.
— Автокөлік қарға көміліп қалған, салонын қарағанда жүргізуші орындығында ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр, – дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.