×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Павлодарлықтардың қалтасын қағып келген монополист 160 млн теңге пайда тапқан

24.01.2023, 10:13
фото: ашық дереккөзден

Павлодарлықтарды сумен қамтып, кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсететін "Павлодар-Водоканал" ЖШС  тұтынушылардан негізсіз түрде табыс тауып келгені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы жергілікті табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлім етті.

Тарифтік сметалар талдамасы нәтижесінде монополист компанияның 160 млн теңге көлемінде пайда тапқаны анықталды. Аталмыш фактіге қатысты іс сотта қаралып, "Павлодар-Водоканал" кәсіпорны тұтынушыларға 160 млн теңге қайтаруға міндеттелді.

"Сот департаменттің тарапын қолдап, монополист жеңілді. Бірақ бұл – тек бірінші инстанция. Кәсіпорынның сот шешімін қайта қарауға қатысты шағым түсіретін мүмкіндігі бар", - деді табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев.

Соның негізінде биыл сумен қамту және су бұру жұмыстарының ақысы едәуір арзандауы тиіс. Мәселен, ауызсу тарифі 4,5%-ға арзандауы керек. Атап айтқанда, тұрғындар бір текше метрі үшін 43,55 теңге, басқа тұтынушылар 155,03 теңге және бюджеттік ұйымдар 376,12 теңге төлеуі қажет.

Сол сияқты кәріз жүйесінің қызметі 3,15%-ға арзандайды. Соған сәйкес, тұрғындар үшін 25,31 теңге, басқа тұтынушыларға 204,61 теңге және бюджеттік ұйымдарға 272,63 теңге болуы тиіс. Бұл тариф жылдың соңына дейін сақталады.

Серіктес жаңалықтары