ЖИ арқылы чек жасап жүрген балалар тергеуге ілінді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған кәмелетке толмағандар тобы әшкереленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Жетісу облысында үш кәмелетке толмаған баланың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталды.

Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды. Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ТЕКСЕРУ

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды прокуратурасы сақтықты күшейтуге шақырады, сондай-ақ төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.