Талғарда әйел адамды 5 жасар қызының көзінше өлтіріп кеткен

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

14 қаңтар күні Талғар ауданындағы Рысқұлов ауылында әйел адамды өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ер адам азаматтық некедегі жұбайын екі рет пышақтаған. Әйел ауыр жарақаттан бірнеше сағаттан соң қайтыс болған.

Жарақаты таңылған күйде әйелді туыстары тауып алған. Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні бірден қолға түсірді.

Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталған соң заң талаптарына сай шешім қабылданады.