Қарағанды облысы әкімді Серік Сәпиевтің соққыға жығылуына байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге Серік Сәпиевтің қатысуымен болған төбелестің өзі басқарып отырған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ғимаратында орын алған-алмағаны нақты белгісіз.
– Спорт басқармасының басшылығына қатысты тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізілуде. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады, – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
ТӨБЕЛЕС
Еске салайық, бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесіп қалғанын хабарлаған едік.