Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі рөлде отырған кезінде жүрегі тоқтап, салдарынан бірден бес көлік соқтығысып, жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы сағат 11:30-да Әл-Фараби даңғылында болған.
1975 жылы туған жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, жағдайы кенет нашарлап, өзімен бір бағытта келе жатқан бес көлікке — Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Yutong автобусына соғылған.
ДИАГНОЗ
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамға қозғалыс кезінде өзін жайсыз сезінген. Алдын ала диагноз — жүрек жеткіліксіздігі. Жүргізушінің қайтыс болғаны оқиға орнында анықталған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.