Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз қаза тапты

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

17 ақпанда Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері «Батыс» өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.

ТЕРГЕУ

Осы факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

КОМИССИЯ

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.

ҚАЗА

Айта кетейік, биыл қаңтар айының өзінде Қазақстанда екі сарбаз қаза тапты. Екеуі де ресми дерек бойынша өзіне қол жұмсаған. Алайда олардың жақындары сарбаздар өзіне қол салды дегенге сенбейді.