Таразда екі ер адам 13 жастағы қызды ұрламақ болған

Сырым Қаржас
Видео кадры

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды ұрлауға тырысқан екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға автобус аялдамасында болған. Ер адамның баланы күшпен автокөлікке отырғызуға тырысқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желілер мен ата-аналар чаттарында тарады. Хабар түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен.

– Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеушілер болған жайттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полицейлер балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда екенін және оларға зиян келтіруге бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.