Алматыда жүргізуші итті көлігіне байлап, жол бойымен сүйреген

Сырым Қаржас
Видео кадры

Алматыда итті көлігіне байлап, жол бойымен сүйреген жүргізушінің видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видеоны алматылық Таир Жиганбаев жариялады. Видеода жол талғамайтын көлік иесі жануарды көлігіне байлап, жол бойы сүйреп келгені көрсетілген. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның көлікке ит байлап алып жүргені бейнеленген видеоны анықтаған. 

Бұл дерек бойынша әрекет ету шаралары аясында тексеру басталды. Тексеру барысында азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Полиция жануарлармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау және заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салады.