Щучинскідегі кафеде болған жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов хабарлады. Әкімнің сөзінше, 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі. Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханада жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында 16 жастағы қыз бар.