×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алғадағы өрт: Аудан орталығы мен 7 ауыл жарықсыз, сусыз қалды

08.02.2023, 13:47
фото: ашық дереккөзден

Өрт салдарынан Ақтөбе облысы Алға ауданының орталығы Алға қаласы мен жақын маңдағы 7 ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтөбе облысындағы Алға ауданындағы электр станциясы өртенді. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда аудан мен бірнеше ауыл жарықсыз қалды.

«Бір сағаттың көлемінде жарық қосылады. Резервтік трансформатор бар. Қазіргі уақытта ауданға қарасты 7 ауылда және Алға қаласы жарықсыз. Аталған мәселе облыс басшылығының бақылауында», - деді облыс әкімі аппаратты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев.

Ауданда электр жарығымен қатар ауыз су да жоқ. Облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, электр стансасында 20 тонна май болған. Оны суырып, жануына жол берілмеген.

Серіктес жаңалықтары