×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Рудныйда тағы апат: 80-нен астам үй жылусыз қалды

09.02.2023, 08:57
фото: ашық дереккөзден

Рудный қаласында жылу желілерінен тағы ақау шығып, 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігі мәлім етті.

«9 ақпан күні сағат 08:30-да Рудный қаласында жылу магистралінде ақау анықталды. Осыған байланысты Горняков көшесінің Дзержинскийден Ленинге дейінгі бөлігінде орналасқан жылу трассасы жабылды. 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй мен 17 заңды тұлғаның ғимаратына жылу беру уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, соңғы кездері жылу желісіндегі жиілеген ақауларға байланысты таяуда Президент аталған қалаға жұмыс сапарымен барды. Жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Рудныйдағы желілердің тозу деңгейі өте жоғары екенін атап өтіп, облыс пен шаһар әкімдігіне жағдайды жедел қалпына келтіруді тапсырды.

6 ақпанда желілердегі апаттар мен іркілістің жиі орын алуына байланысты Рудный қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Серіктес жаңалықтары