Маңғыстауда 20 мыңға жуық адам қаржы пирамидасына жем болды

Ulysmedia

Маңғыстауда 20 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік желіде қаржы пирамидасына жем болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, өткен жылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғалған. Кейбір қаржы пирамидасы өзін халықаралық компанияның филиалы ретінде көрсетіп, әділет органдарында тіркеусіз жұмыс істеген.

«World Business Consulting» қаржы пирамидасының жұмыс схемасы «50-ден 50-ге» бағдарламасы бойынша ақша қаражатын салудан тұрды, алаяқтық жолмен салымшылар мен «Еуразия Капитал «Микроқаржы ұйымы» ЖШС арасында жалған шарттар жасалған. Онда қаржылық пирамида ұйымдастырушысы ай сайын берілген қарыздар бойынша әрбір шарттан пайыздық үстемеақы алған. Іс шеңберінде жалпы сомасы 651 млн теңге мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр. «Ата-Мекен 2021» басшылығына қатысты іс бойынша Г.Шагироваға 28 адам өтініш білдіріп, салымның жалпы сомасы 48 млн. теңгені құрады. Іс барысында салымшыларға 44 млн. теңге өтелді», - деді Маңғыстау облысы экономикалық тергеу-тексеру департаментінің аға тергеушісі Берді Қуанышұлы.