×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Риддер жылу орталығында тағы да апат болды

28.02.2023, 09:39
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 3.45-те болған.

«№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Ал, сол уақытта №3 және №4 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Қазір №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды. №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», - дейді Риддер әкімі Дмитрий Горьковой.

Еске сала кетейік, 5 ақпанда Риддер ЖЭО-да конвейер таспасының екінші көтергіш барабанының қозғалтқышы істен шыққан.

Жылыту маусымы басталғалы бері қаланың жылу жүйесі апаттан көз ашпай келеді. Бұдан бұрын "Риддер ЖЭО" АҚ жаңа иесі 5 жыл бойы жылу тарифін көтермеуге уәде берген.

Серіктес жаңалықтары